top of page

Маңғыстау туризм колледжінің информатика және математика пәні оқытушысы Нугманова Диляраның жеке портфолиосына қош келдіңіздер!

Маңғыстау туризм колледжінің миссиясы - туристік индустрия аймағында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқынды үлес қосу мақсатында қоғамға тапшы мамандарды, жоғарғы сапалы дайындықты қамтамасыз ету, және әлемдік стандартқа сәйкес еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыру болып табылады. 

Колледждің пайымдауы: "Маңғыстау туризм колледжі" - студенттердің, оқытушылардың, жұмысберушілердің және басқа да мүдделі тұлғалардың қызығушылығын танытатын өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттық ортасы және заманауи инфрақұрылымы сақталған білім мекемесі болып табылады.

Мақсаты: туризм саласындағы аймақтық қажеттілікті қанағаттандыру, қонақ үй және мейрамхана ісі аясындағы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және қажетті маман қалыптастыру.

Жоғарыда айтылған колледждің миссиясын орындау мақсатында пән оқытушыларына қойылған міндеттердің бірі - жеке портфолио сайтын құру. 

Портфолио сайтын құру мақсаты - оқытушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіріп, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыру, оқытушы мен студенттің арасында байланыс жүргізу, студенттер мен ата-аналарға оқуға байланысты мүмкіндіктерге қол жеткізу.

bottom of page