top of page

Хостинг және домен деген не?

Біздің үйде тұрған бутигімізді ешкім көрмейді, оны базарға апарып қою қажет. Яғни, компьютердің ішіндегі сайтты енді желіге қою қажет. Біріншіден, бізге бутикті қоятын орын қажет, бутигіміз қанша үлкен болса сонша көп шаршы метр қажет. Ол орын хостинг деп аталады, сайтымыздың үлкендігіне байланысты үлкен көлемді хостинг алу керек болады. Бірақ хостинг шаршы метрмен емес мегабайттармен өлшенеді. Базардағы орын үшін базаркомға ақша төлегеніміз сияқты, хостинг үшін хостинг компаниясына ақша төлейміз (hoster.kz, idhost.kz, dnr.kz т.б.).
Келесі мәселе, адамдар бутикті тауып келе алу үшін оның номері болу қажет. Мысалы, 152 -ші бутик деген сияқты. Бұл номердің орнына желіде домендік есім қолданылады. nur.kz kerekinfo.kz Бұл сайтымыздың адресі. 
Сайт жайлы жалпы түсінік пайда болған болса, аталмыш «Движоктар» жайлы екі ауыз сөз айта кетсек. Жоғарыдағы әңгімелерден, ең қарапайым сайттың өзі бірнеше сатылардан өтетіндігін түсіндік. Яғни бір "ғажайып движок" арқылы бәрі бола салмайды екен. Ал біз движок деп жүрген нәрсе ол CMS (Content management system) яғни, контентті басқару жүйесі. Ең атақтылары Joomla, Drupal, Wordpress, DLE т.б. Олар жаңағы HTML, CSS, PHP, Mysql сияқтылардың көмегімен, программалаудан хабары жоқ адамдардың сайт құрастыруына арналған бағдарламалар. Мысалы, Сізге пластиктің қайсы деталін қайсымен қосу керек екендігін білу қажет емес, красканы қалай растворить ету қажет, сатушыға нұсқауларды қалай беру қажет, кітапшаға деректерді қалай жазу керек екендігін білудің қажеті болмайды. Сіз бар болғаны айтып отырасыз, қалғанын CMS өзі жасайды. Бірақ қандай CMS болғанымен, кез-келген сайт жоғарыдағы айтылған бөліктерден құралады. CMS арқылы сіз тек сайтты дайындайсыз, ал хостингке қою және домен алуды өзіңіз жасайсыз.
Ал «укоз» сияқты қызметтерге келетін болсақ, олар әрі CMS қызметін атқарады, яғни дайын сайт құрастырып береді, әрі хостинг пен домен береді.
Бұл аталғандардың барлығының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бірақ бұл бөлек тақырып. 
Келесіде программалаудан хабары жоқ адамдар үшін сапалы әрі қауіпсіз, әдемі әрі пайдалы сайт жасаудың жолдарын түсіндіруге тырысамын. 

bottom of page