Маңғыстау туризм колледжі
Нугманова Диляраның
жеке сайт-портфолиосы
Сайт деген не?
Сайт — бүкіләлемдік желінің бір бөлігі. Яғни, бүкіл әлемге қолжетімді файлдар, ақпараттар мен құжаттар.
Сайт қалай жұмыс жасайды?
Сайт жұмыс жасау үшін екі шарт орындалуы қажет:
1. Файлдарды қолданушы дұрыс көре алуы тиіс
2. Сол файлдар белгілі бір адрес бойынша бүкіл желіге қолжетімді болу қажет
Әрбір құжат түрін оқуға арналған бағдарлама бар болғаны сияқты, сайтты оқитын арнайы бағдарлама да бар. Ол — браузер(Firefox, Internet Explorer, Google Chrome, Opera, Safari т.б.)
Браузер біз түсінген тілді түсінбейді.
Егер интернетті үлкен сауда базары деп елестетсек, ол жердегі бутиктер ол сайттар болсын. Енді бізге сол базарда аяқ киім сату қажет. Аяқ киім — сайтқа қоймақшы болған ақпарат. Бірінші кезекте бізге бутиктің өзі қажет. Ол үшін біз пластиктер мен әйнектерді алып оны құрастырамыз. Сол пластиктер ол HTML, яғни сайттың негізгі қаңқасын жасауға арналған құрал. Біз HTML көмегімен негізгі қаңқаны құрастырдық, бағандарды қойдық, есік терезелерді жасадық. Енді бізге бұл бутикті әсемдеу қажет. Сыртын жасыл түске бояп, әртүрлі наклейкалар жапсырып, полкаларды көк түске бояу деген сияқты. Ол үшін бізге CSS көмекке келеді. CSS ол HTML кодтарды әсемдеуге арналған құрал. Енді біздің әп-әдемі бутигімізге аяқ киімдерді толтырып базарға апарып қойсақ та болады, бірақ бізге аяқ киімдерді сатып отыратын сатушы қажет. Ол сатушы сервелік программалау тілі (PHP, ASP.NET, Ruby т.б.) PHP — ол сайттың миы деуге болады. Барлық іс-әрекетті талап ететін қызметтерді PHP атқарады. Клиенттен ақшаны алу, оған аяқ киімді беру, жиі келетін қолданушыларды тіркеу. Енді сатушы жаңылыспауы үшін бүкіл ақпараттарды жазып отыратын кітапша қажет. Ол кітапша — деректер базасы (Data Base орыс. База данных) Mysql, PostgreSql, Oracle т.б.
Қорытатын болсақ, HTML сайттың қаңқасын құрайды, CSS оған сыртқы келбет силайды, PHP операцияларды орындайды, ал Mysql-де ақпараттар сақталады. Браузер өз кезегінде осының бәрін қосып, адамға түсінікті етіп көрсетеді.