Маңғыстау туризм колледжі
Нугманова Диляраның
жеке сайт-портфолиосы
WЕB-САЙТ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Web-сайт (ағыл. Website, web−өрмекшінің торы және site − орын) − бір ортақ тақырыппен, дизайнмен біріктірілген, өзара байланысты сілтемелер жүйесі бар Интернет желісінде орналасқан беттердің жиынтығы.
Web-сайт – бұл тек файлдар жиынтығы ғана емес, ол әдемілік пен функционалдылықтың, жұмыста ыңғайлылықтың күрделі жиыны. Сайт жасаудың ең қиындығы – барлық ұсақ компоненттерді есепке алып, олардың арасында байланыс орнату. Ал байланыссыз сайт тек файлдар жиынтығы болып қалады. Сайт бұл :
- Мәртебе және уақыттың талабы!
Технология жағынан дамыған қоғамда сайттың болуы бұл жетістік. Сайт арқылы өзіңізді, өз жұмысыңызды, өз бизнесіңізді өзіңіз қалағандай етіп көрсете аласыз. Сіз онда мәтін, фотосурет, сызбалар, суреттер қоя аласыз.
- Шексіз аудитория!
Тура мағынасындағы шексіз аудитория. Сіздің ақпаратыңызға дүние жүзінің кез келген нүктесінен, кез келген елден барлық интернет қолданушылары қол жеткізе алады. Көптілді сайт жобалары – әлемдік қоғамға нақты қадам.
- Жарнамалық алаң!
Сіздің өнімдеріңізді немесе қызметтеріңізді бәрі көреді және біледі.
- Ақпаратты басқарудағы жедел қимылдаушылық!
Сіз әр минут сайын веб-беттеріңізге өзгертулер енгізсеңіз қолданушылар сол сәтте жаңартылған нұсқаларды көреді. Жаңалықтар енгізу немесе өзгертілген жұмыс кестесі бұлардың бәрі барынша қысқа мерзімде жаңартылып отырады. Қаражатты және уақыт үнемдеуге мүмкіндік.
- Кері байланыс және байланыс нақты уақытта!
Пайдаланушылар сізбен электрондық пошта арқылы жедел байланыса алады немесе жазба қалдырады. Сіз олардың тілегіне әрқашан тез жауап қайтара аласыз.
Әрбір сайт белгілі бір мақсатпен жасалады. Ең бірінші олар желі қолданушыларына қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін қажетті болып табылады. Web-сайтты жасау күрделі және көп уақытты талап ететін жұмыс. Сайттың логикалық құрылымын жасау, қажетті материалдарды жинақтау, оларды өңдеуден өткізу сайтты жасаудың басты кезеңі – жоспарлауға тікелей байланысты. Сайтты құрастыруды бастамас бұрын алдымен ол сайттың болашақтағы қызметі, атқаратын міндеті, қолданылу саласы, пайдаланушыларға тигізер пайдасы, мазмұны қандай болмақ, соны анықтап алу қажет.
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау. Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділіғі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.
Сайттың сапалы болуы оның әсемдігі мен бағдарламалық жабдығына ғана емес, сондай-ақ, ондағы мәліметтердің ақиқат болуына және олардың жылдам жаңарып отыруына байланысты.
Сайттың құрылуы – бұл циклды жолдың бастамасы болып саналады. Жақсы сайт - кез келген ортаға бейімделіп өзгеріп отыратын тірі ағза секілді. Кез келген мәліметтерге сұраныс жасаған кезде олардың web-парақтары тез ашылуы және сілтемелері дұрыс құрылуы қажет. Сайт web-парақтарының экранға жылдам жүктелуі телекоммуникациялық желі жылдамдығына ғана емес, web-бағдарламашылардың сайтты дұрыс құрылымдай білуіне де тәуелді.
Web-сайт беттерінің арасындағы тығыз байланыс оның басты сапалы белгілерінің бірі болып табылады. Бұл жай байланыс емес, алдын-ала ойластырылған құрылым бойынша байланыс болуы қажет. Мұндай құрылым біз жоғарыда айтып өткен логикалық құрылым деп аталады. Логикалық құрылымы дұрыс жоспарланған сайт мынадай бөлімдерді біріктіреді: бастапқы бет; сайт жаңалықтары; бет1; бет2; сайт құрушылар туралы ақпарат, сайт картасы.
Бастапқы бет – бұл кішкене Web-бет, ол қолданушы сайт адресін терген кезде экранда пайда болады. Әдетте, мұндай беттерде сайттың өзінің немесе оның иесінің графикалық логотипі орналасады. Бастапқы бет пайдаланушы сайт адресін ешбір файл атын немесе бетті көрсетпей терген кезде кескінделеді (мысалы, http://ayanfoto.kz ). Онда сайт жайлы қысқаша мәлімет, жаңалықтар және басқа беттерге сілтеме жасалынған гиперсілтемелер жиынтығы болады. Сайт жаңалықтары бөлек бетке орналастырылады. Оларда енгізілген толықтырулар мен өзгерістер хронологикалық тізім ретінде беріледі. Сайттағы жаңалықтар белгілі уақыт көлемінде жаңартылып тұруы тиіс.
Сайттың негізгі мазмұны бөлімдер мен беттерде беріледі. Ол кітап сияқты құрылымдалады: бір тақырыпқа арналған бөлек абзацтар бір бөлімге жинақталады, ал бөлімдердің өзі тарауға жинақталады. Осылайша пайдаланушы тараудан бөлімдерге өте отырып керекті ақпаратты тауып алады.
Сайтты құрушылар туралы мәлімет жеке бөлек бетте орналасуы немесе басты беттің ерекше бөлімінде орналасуы мүмкін. Мұнда электрондық поштасы, телефон, факс, пейджер нөмерлері, яғни хабарласуға болатын барлық мәліметтер орналасуы керек.
Сайт картасы – бұл сайттың логикалық құрылымы көрсетілген бет. Сайт картасы өзіне не керек екенін жақсы білетін пайдаланушыларға қажетті ақпаратты тез табу үшін қажет. Карта үлкен сайттардың барлығында міндетті түрде болады.
Физикалық құрылым сайтта қолданылатын файлдар мен бумалардың орналасуын көрсетеді. Мәліметтер мен файлдарды бумаларға бөліп сақтау жүздеген файлдармен жұмыс істегенде пайдалы, мұнда файлдарды ретімен бумаларға орналастырған дұрыс. Бұл әсіресе, сайтты жаңартқан кезде өте ыңғайлы.
Қорыта айтқанда, сайт жасаудың жоғарыда атап көрсетілген кейбір ұстанымдары мен технологиясын ескеру, сапалы да, мазмұнды сайт құрастыруға біршама болса да, септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дэвид Моррис Flash 8. Создание Web-сайтов. Книга быстрого обучения – М.: NT Press, 2006.
2. Федорчук А. Как создаются Web-сайты: краткий курс. – СПб.: Питер, 2000.
3. Краснова Г.А., Беляев М.И., Соловов А.В. Технология создания электронных обучающих средств. – М., 2002.