Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бірлестігі
Колледждің әдістемелік зерттеу тақырыбы:
«Кәсіби білім беру сапасын арттыруда жеке тұлғаға бағдарланған
оқыту технологияларын пайдалану тиімділігі»
ПЦК жетекшісі: Нугманова Д.Ж.
2017-2018 оқу жылында колледжде 52 оқытушы жұмыс жасайды. Оның ішінде жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бойынша 15 оқытушы. Олар:
1.Өмірзақова И.І. – жоғары санатты, математика пәнінің оқытушысы;
2.Бисекова М.Ә. – жоғары санатты, химия пәнінің оқытушысы;
3.Калиева Б.Ш. – бірінші санатты, физика пәнінің оқытушысы;
4.Конырова Г.С. – бірінші санатты, информатика пәнінің оқытушысы;
5.Дәулетбаев Г.Т. – жоғары санатты, информатика пәнінің оқытушысы;
6.Нугманова Д. – бірінші санатты, информатика пәнінің оқытушысы;
7.Токтахунов А.А. – екінші санатты, АӘД пәнінің оқытушысы;
8.Нысанов С.Д. – жоғары санатты, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;
9.Копжасарова С.Х. – санатсыз, физика пәнінің оқытушысы;
10.Суйеуова А.О. – екінші санатты, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;
11.Шошанов Д. – санатсыз, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;
12.Бердіханова Б.Б. – санатсыз, химия пәнінің оқытушысы;
13.Ідірісов Р.Н – санатсыз, информатика пәнінің оқытушысы;
14.Қайназаров А. – бірінші санатты, физика пәнінің оқытушысы;
15.Дәрменбаев Н.Қ – санатсыз, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;
Мақсаты: кәсіби және ақпараттық кеңістікте тез бейімделе алатын қазіргі заманғы жастарға оқу және тәрбие беру үшін жағдай жасау, адамгершілігін қалыптастыруға көмек көрсету.
Оқу-әдістемелік жұмысының міндеттері:
1. Оқытушылардың әдістемелік жұмыстарын мына бағыттарға сүйене отырып, жүзеге асыру:
- мақсат қоя білуге үйрету;
- нәтижесін жоспарлауға;
- білім алушылардың өз саласын ұйымдастыра және басқара білуге;
- инновациялық білім технологиясын негізге ала отырып, шыққан нәтиже бойынша сараптама өткізу;
- Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және талдау;
- Ағымдағы оқу жылының әдістемелік жұмыс міндеттерін жүзеге асыру;
- Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және педагогтардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу, жинақтау, тарату;
- Оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылау;
- Оқу жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысу;
- Педагог кадрлардың біліктілік санасын көтеру, оларды қайта даярлау және аттестациялау жүйесін жетілдіру;
- Педагогтардың өз білімін үнемі жетілдіріп шығармашыл ойлайтын, алған білімін тәжірбиеде қолдана алатын ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесін меңгеру;
- Оқу үрдісінде сапалы сабақ берудің әр түрлі әдістері мен түрлерін зерделеу және шығармашылық тұрғыдан игеру;
- Оқу әдістемелік кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
- Педагогдардың кәсіптік шеберлігін арттыру бойынша әр түрлі әдістемелік жұмыс түрлерімен жұмыс жүргізу;
- Циклдік әдістемелік комиссия жұмысын ұйымдастыру;
- Сабақтарға өзара қатысу;
- Жас және жұмысқа қайта келген мамандармен жұмысты ұйымдастыру;
- Колледж педагогтары мен басқа да мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
- Әдістемелік мәселелерге жататын педагогикалық кеңес шешімін іске асыру;
- Пәндік апталықтар және олимпиадалар, педагогикалық шеберлік байқауларын ұйымдастыру;
- Ғылыми-тәжірибелік конференцияларды (оқытушылармен студенттер) ұйымдастыру;
- Оқушылардың құзіреттілік деңгейін көтеру;
2. Қызмет көрсету саласы бойынша мамандарды дайындауда сапалы, жаңа қадамдар жасау мақсатымен жоғарғы кәсіби деңгейде мәселелерді өз бетімен және жауапты түрде шешуі қажет;
- оқушылардың жалпы мәдениетін кеңейту және қызмет көрсету саласында болашақ маманның кәсіби мәдениеттің негізін қалыптастыруға сай болу;
- оқушылардың таңдаған мамандығына бағыт беруді кеңейту, олардың жеке саналы түрде мамандықты таңдауда толық қалыптасуына түрткі болу, оның қоғамдық өмірдегі рөлі;
- кәсіптік жеке дамуда оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың өз бетімен дамуын тереңдету;
- оқушыларды инновациялық тәжірибелік шеберлік пен дағдыда үйрету;
- колледж оқушыларына тәжірибелік дағдыларын қолдануға жағдай жасау;
3. Кәсіптік және жеке қабілеттердің қалыптасуы бойынша барлық берілген мәліметтерді оқушының жеке картасына жазу, бұрынғы мәліметтермен салыстыра отырып талдау жасау және көрсеткіштерінің жақсаруына қол жеткізу.
4. Оқу процесіне жаңа түрлер мен оқыту әдістерін енгізу.
Күтілетін нәтиже:
- оқу-тәрбие жұмысында психодиагностикалық мәліметтерді қолдануы жүйеге келтіру;
- жақсы оқуға түрткі болу;
- колледжде тиісті оқу материалын меңгеру терең білімнің негізін жасау;
- оқушылардың кәсіптік деңгейін көтеру;
- бәсекеге қабілетті мамандарды шығару, еңбек нарығында оларды сұраныспен қамтамасыз ету.
Циклдық комиссияға тиісті пәндер тізімі:
1. Физика және астрономия
2. Химия
3. Биология
4. Математика
5. Информатика
6. Сызу
7. Алғашқы әскери дайындық
8. Дене тәрбиесі
2017-2018 оқу жылында біліктілік санаттарын көтеруші және растаушылар тізімі:
2017 жылдың қазан айында өтетін колледжішілік олимпиада тізімі
Маңғыстау туризм колледжі бойынша ғылыми жобаға дайындайтын оқытушылар тізімі
2017-2018 оқу жылындағы жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бойынша тәлімгерлер мен жас мамандар туралы мәлімет
2017-2018 оқу жылындағы жаратылыстану – математикалық пәндер бойынша оқытушылардың сәуір айында өтетін ашық сабақтарының тақырыптары:
Жоспардың орындалысы төмендегі сілтемелер бойынша қарай аласыздар.
Хаттама №1
Хаттама №2
Хаттама №3